Қасиетті Рамазан айында Шу ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, «Хати Сауранбайұлы» мешіті, «Жиенбет Жексенбай» мешіті, «Бірлік» мешіті, Көктөбе ауыл жамағаттары мешіт аулаларына тал егіп, сауапты іс атқаруда.
Игі шараға ауыл жастары, кішісі мен қартты жұмылған жұдырықтай, мешіт ауласын көркемдетуге ат салысты. Шара соңында қариялар өз баталарын беріп, Наурыз мейрамында өскелен ұрпаққа ағаш егу мәдениеті жайында өсиет айтты.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» - дейтін аталы сөз бекер айтылмаса керекті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.