Қордай: Аудан әкімі Рамазан айымен құттықталды

Қордай: Аудан әкімі Рамазан айымен құттықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданың әкімі Бегзат Сейсенқұлұлына  Жамбыл облысы бойынша  бас имамы Асқар Зәкіржанұлының құттықтауы табысталды. Асқар Сатылғанов Қасиетті айдың келуіне байланысты ізгі тілегін білдіріп, шын жүректен рухани жаңғыру, сабыр мен кешірім, қайырымдылық пен мейірім айының кіруімен  құттықтады.

Рамазан - мұсылман қауымы үшін ерекше ай. Бұл уақытта жасалған әрбір ізгі амал еселеніп сауапқа жазылады. Ел игілігі үшін жасаған еңбектеріңізге Алла Тағала береке беріп, қызметіңізге табыс нәсіп етсін!

Халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуда, әлеуметтік жағдайды жақсартуда, игі істер атқаруда  сіздердің еңбектеріңіз зор . Осы айда мұқтаж жандарға  көмек көрсету, қайырымдылық жасау арқылы Рамазанның шынайы мәнін көрсетеміз.

Алла Тағала елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, отбасыларыңызға береке нәсіп етсін! Жасаған әрбір ізгі амалдарыңыз қабыл болғай!  Рамазан айы мүбәрак болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: