Қордай: Рамазан айындағы рухани кездесу

Қордай: Рамазан айындағы рухани кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы әйел-қыздар сектор басшысы  Эльмира Аманқожақызы шәкірттерімен Қасиетті айда ауыз ашар дастарханында басқосты. Жиын Алланы еске алумен басталып, ғибратты ойындармен жалғасты, ұстаздың уағыз-насихатымен толықтырылды.

Аудандық «Қордай» мешіті әжелер алқасы мүшелері сөз сөйлеп Мүбәрак айдың басталып, көпшіліктің аман есен ортасына жеткенімен  құттықтады.   Жамағатқа  уақытты есеппен пайдалы өткізуге, сапалы  ізгі амалдармен және салауатты өмір салтын ұстануға   үндеу жасады.  

Ауыз ашарға келген жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап тапқан отырыс өте қызықты, насихатымен  пайдалы, ерекше өтті. Жиын соңы сыйлықтар таратылып, мұсылмандардың санының көбеюіне және мейірім махабаттың артуына себептер жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: