ҚМДБ-ның Пәтуа бөліміне жауапты Әбдіқадір Сейтқали ұстаз Қордай ауданының имамдарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында ол пәтуа мәселесіне қатысты жан-жақты түсіндірме жасап, жиналған имамдардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуге Қордай ауданына қарасты 65 мешіттің дін қызметкерлері қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу діни мәселелерді талқылап, имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған мазмұнды сұхбатпен өрбіді.
АҚЕРКЕ БЕКҚҰЛОВА,
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ