ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданына жасаған сапары барысында аудандық "Қордай" мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында облыс бас имамы Рамазан айының ерекшелігі мен қасиеті жайында уағыз айтып, бұл айдың мұсылман қауымы үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жамағатты сауапқа толы игі амалдарды көбірек жасауға, ауызбіршілік пен мейірімділікті арттыруға шақырды.
Жамағатпен болған сұхбат барысында мешіт қызметінің сапасын арттыру, діни сауат ашу курстарын жүйелі түрде өткізу мәселелері талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
АҚЕРКЕ БЕКҚҰЛОВА,
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ