ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕШІТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДАҒЫ МЕШІТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай аудандық мешіттерінің жағдайымен танысты. Сапар барысында ол ауданның бірқатар мешіттерін аралап, олардың қызметімен танысып, имамдармен кездесті.

Зерделеу жұмыстары ең алдымен орталық "Қордай" мешітінен басталды. Облыс бас имамын Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев бастап жүрді.

Сондай-ақ, Қордай ауылындағы "Рахман" мешітіне арнайы барып, ондағы діни ахуалмен танысты. Бас имам мешіттің қызметін жандандыру, жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнату және діни ағарту жұмыстарын күшейту бойынша мешіт имамы Нұрмұхамед Сабитұлына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Одан кейін "Нұрислам" мешітіне ат басын бұрды. Бас имам мешіттің жағдайын саралап, жамағатпен байланыс орнату, діни насихат жұмыстарын күшейту бойынша имам Жұмабайұлы Зейнемге нақты міндеттер жүктеді.

Аудандық мешіттерді аралау барысында діни қызметтің сапасын арттыру, мешіттердің жалпы жағдайы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы мәселелер қозғалды.

АҚЕРКЕ БЕКҚҰЛОВА,
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: