Муфтиятымыздың осы жылды «Ислам және отбасы құндылықтары» атауы тегін емес. Ислам. Отан. Отбасы деген ұғымдар бір-бірінсіз қадірі жоқ.
Отбасындағы кикілжің мәселелердің алдын алу үшін және де орын алған мәселені шешу мақсатында ауызашар ұйымдастырылды. Дастархан төріне ақ жаулықты ана-апалар мен ақсақалдар өз ойларымен бөлісті.
«Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасыға келген қиыншылықты «сынақ» деп сабырмен қарсы алса, қиыншылық келер жақсылықтың есігіне айналар» - деп сабырлық пен түсіністіктін маңыздылығын атап өтті.
Рамазан ынтымақ айы екенін, бір- біріміздің қадырымызді білу, ақыларымызды құрметтеу қүлшылық екенін, ұрыстың ешнәрсені шешпейтінін, көп нәрсенің кілті «мәміледе» екенін айттық.
Шара барысында отбасы ішіндегі ұрыс-керістің шешім емес екендігі, керісінше, татулық пен мәміле арқылы кез келген мәселені шешуге болатыны түсіндірілді. Рамазан айы – тек ораза ұстау ғана емес, ынтымақты күшейтіп, бір-біріміздің қадірімізді білу, ақыларымызды құрметтеу айы екені ерекше айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.