«Кәрібай молда» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай тағылымды жиын жиналды. Шу аудандық бас имам Алмас Кенжемолдаев намазға жиналған жамағатқа «Қасиетті Рамазан айы» жайында уағыз айтып, сұқбат жүргізді.
Көпшілік тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тұшымда жауап алды. Қадірлі айдың маңыздылығын ұғыну мақсатында викториналық ойын жүргізілді. Рухани кеште белсенділік танынып, намазға сап түзді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.