Тазалық бұл – иманның жартысы. Мұсылман адам рухани тазалық пен қатар тәнің, қоршаған ортасын, тұрып жатқан жерін де әрқашан тазалықта ұстауы қажет.
Осы орайда аудан бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Меркі аудандық «Меркі ата» мешіт ұжымы, мешіт жамағатымен бірлесе отырып мешіт ауласына сенбілік өткізді
Жер қарайып, көктем мезгілінің басталған шағында тазалық жұмыстары қарқынды басталып, түгелдей мешіт ауласы, су құбырлары тазартылды. Осы игі іс-шараға атсалысқан барша бауырларымызға алғысымызды айтамыз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі