Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында өткен ауызашарда аудан бас имамы Азамат Берікұлы «Рамазан мүмкіндіктер айы» тақырыбында насихат айтты.
Жиын барысында аудан бас имамы тарапынан Рамазан бұл - көптеп сауапты амал жасап қалуға, садақа беріп мол сауапқа кеңелуге, құлшылыққа дең қойып тәубе етіп, Жаратушы Раббымыздың кешіріміне ие болуға мүмкіндік беретін шарапатты ай екені туралы насихат айтылып, жиналған халықты осы Ораза айын құлшылықпен өткізуге шақырды.
Іс – шара барысында діни сұрақтар қойылып сұрақтарға жауап берген жандарға «Намаз оқып үйренейік» кітабы сыйға тартылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі