#Шу: «Сағындық Рамазан» қайырымдылық ауызашары өтті

#Шу: «Сағындық Рамазан» қайырымдылық ауызашары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – қайырымдылық пен мейірімділіктің айы. Осындай мақсатта, Шу аудандық «Кәрібай молда»мешітінде ұстаз Ғалия Байториеваның ұйытқы болуымен «Сағындық Рамазан» атты қайырымдылық ауызашары өтті. Игі шараға мұқтаж отбасылар арнайы шақырылып, қасиетті айдың берекесі кірді.

Дастархан барысында жамағатқа діни сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, мешіт жамағаты арасында жылы қарым-қатынас орнап, Рамазанның рухани мәні тереңінен ұғындырылды. Ауызашарға ерлер жамағатына да ұйымдастырылып, жалпы 80 адамға дастархан жайылды.

Кеш соңында көпшілік алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: