Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатқа тарауих намазынан кейін «Аманатқа берік болу» тақырыбында уағыз жүргізді.
Ислам Қаюпов аманат ұғымының Исламдағы орны, оның адамның діни әрі қоғамдық өміріндегі жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, әрбір мұсылманның берілген аманатқа адал болуы, сенімге қиянат жасамауы, уәдені орындау секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіруі қажет екенін атап өтті.
Жамағат рухани кездесуден ерекше әсер алып, уағыз соңында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі