ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Қаюпов Тараз қаласындағы «Әзрет Әли» мешітінде жамағатқа «Зекеттің қоғамдағы пайдасы» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Уағыз барысында Ислам Қаюпов зекеттің мұсылман қоғамындағы орны, оның әлеуметтік әділеттілікті сақтаудағы маңызы және көмекке мұқтаж жандарға тигізетін игі әсері жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, жамағатқа зекеттің шариғи үкімі, кімдерге берілуі керектігі және оның материалдық әрі рухани берекесі туралы кеңінен түсіндірді.
Жұма намазына жиналған жамағат уағызды зор ықыласпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі