Қордай: Әжелер алқасы мүшелері насихат айтты

Қордай: Әжелер алқасы мүшелері насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті Әжелер алқасы мүшелері Рамазан құрметіне ұйымдастырылған кеште сөз сөйледі. Жиынға келген жамағатты жақсылап қарсы алып, көркем насихатын айтып, жаңғыру айымен құттықтады. Осы айда көп жетістікке жетуге, аянбай құлшылық жасауға, ізгілікке шақырып, жамандықтан қайтаруға қатысты насихатын айтты. Рамазан айын көркем сабырмен өткізіп , алдағы Қадір түнінен мақұрым қалмауды ескертті.

Айлардың сұлтаны саналатын «Рамазан айында»  ұстаздары Эльмира Аманқожақызына әзірлеген жылы сөздерін, дұға-тілектерін жаудырып, сый-сияпатын да ұмытпады.  Сөз соңында бата беріп,  алғыстарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: