Қордай: «Берекелі ай - Рамазан» атты рухани кеш өтті

Қордай: «Берекелі ай - Рамазан» атты рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Қасиетті ай құрметіне жиын болды. «Берекелі ай - Рамазан» рухани кешіне арнайы қонақтар шақырылды. Басқосу Құранмен ашылып, насихатпен  жалғасып, ойындармен толықтырылды.

Жиында «Ислам және отбасы құндылықтары» аясында насихат пен ғибратты оқиғалар көрсетілді. Отбасы мүшелерінің міндеттері, қарым-қатынысы тілге тиек етілді.

Арнайы кешке келген қонақтар сөз сөйлеп, құттықтаулар айтты.  Ақ дастархан басына жиналған көпшілік әсерлі күйлер мен ұлттық әндер  тыңдап,  ұлттық билер көріп  қайтты. Қасиетті айда баршамыздың ізгі амалдарымыз бен дұға-тіліктеріміз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: