МЕРКІ: ӘЖЕЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕРКІ: ӘЖЕЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылының имамы Есбол Алпысбаевтың бастамасымен ауыл әкімдігі мен тұрғындарының ұйымдастыруымен аналарға ақ дастархан жайылды.

Жиын барысында ауыл имамы Есбол Алпысбаев тағылымды уағыз-насихат айтып, жиналған жандарға алғысын білдірді. Игі іс-шарада ақ жаулықты аналарға арнайы сыйлықтар табысталып, оларға ерекше құрмет көрсетілді. Аналар өз кезегінде шараны ұйымдастырған азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, риза көңілмен тарқасты.

Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп:
— Уа, Алланың Елшісі, кімге жақсылық жасайын? – деп сұрайды.
Пайғамбарымыз:
— Анаңа, – деп жауап береді.
— Одан кейін кімге? – деп сұрағанда, тағы да:
— Анаңа, – дейді.
Үшінші рет қайталағанда да:
— Анаңа, – деп жауап қатады.
Тек төртінші мәрте:
— Одан кейін кімге? – дегенде, Пайғамбарымыз:
— Әкеңе, – деп жауап береді.

Бұл хадис Исламда ананың мәртебесінің үш есе жоғары екенін көркем түрде жеткізеді.

Ана болу – әйел үшін үлкен бақыт. Ананың мойнына артылған жауапкершілік те зор, бірақ оның сауабы да ерекше. Сондықтан, Алла Тағала аналарға мол сауап нәсіп етеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: