Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының тұрғындары аналарға құрмет көрсетіп, ақ орамал жапты. Ауыл имамы Асхат Көпбосыновтың бастамасымен ауыл әкімдігі, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары бірлесіп, ақ жаулықты аналарға ақ орамал жауып, гүл сыйлап, ізет көрсетті.
Ислам діні ананың мәртебесін айрықша дәріптеп, «Жәннат – аналардың табанының астында» деп ұлықтаған. Іс-шара барысында имам Асхат Көпбосынов жиналған аналарға алғыс айтып, әйел адамның исламдағы орны, ананың дәрежесі мен ана болудың бақыты жайлы тағылымды уағыз-насихат жүргізді.
Шара соңында имам осындай игі іске қолдау білдірген барша азаматтарға ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі