Бүгін елімізде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафоны аясында Меркі ауданында «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны өтті.
Марафон аясында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде 50 отбасыға азық – түлік себеті табысталды. Азық-түлік пакеттерін мұқтаж шаңырақтарға Меркі ауданының Бас имамы Азамат Берікұлы табыс етті.
Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады...» – деген.
Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап жыл соңына дейін еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясын қолға алдынды. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі