ТАРАЗ: «АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТАРАЗ: «АРАҚСЫЗ РАМАЗАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаевтың бастамасымен қала мешіттерінің имамдары дүкен иелерімен кездесіп, арақ-шарап сатудан бас тартуға шақырды.

Игі шара барысында 30-ға жуық дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Имамдар кәсіпкерлерді қасиетті айда харам өнімдерден бас тартып, оның орнына халыққа пайдалы шырындар мен азық-түлік ұсынуға үндеді.

Кездесу барысында кейбір кәсіпкерлер бұл бастаманы қолдап, Рамазан айында арақ-шарап сатпайтындықтарын жеткізді. Өз кезегінде дін қызметкерлері адал кәсіптің берекесі мол болатынын ескертіп, жақсылыққа бастайтын кез келген амалдың сауабы еселеніп жазылатынын атап өтті.

Бұл бастама қасиетті Рамазан айында қоғамда рухани тазалықты арттыруға, сауапты істерге ынталандыруға бағытталды.

Тараз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: