#Шу: «Жәми» мешітінде қыздар арасында волейбол жарысы өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде қыздар арасында волейбол жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторында шәкірттер арасында валейболдан жарыс өтті. Шу ауданына қарасты ауыл мешіттерінен бірнеше командалар қатысып, шеберлігін ортаға салды.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды. Әділ қазы алқасы жеңімпазды анықтап, марапаттау рәсімі жүрді.

I орын «Төле би» мешіті

II орын «Кәрібай молда» мешіті

III орын «Жәми» мешітіне берілді.

Әрбір аруға жекелей медальдар тағылып, жүлдегерлерге арнайы дизайндағы кубоктар табысталды. Айта кетейік, волейбол жарысына шәкірттермен қатар ұстаздарда басы қасында болып шәкірттерге қолдау білдірді. Мұндай жарыстар жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: