Бірлікүстем ауылындағы «Домалақ Ене» атындағы мектепте 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай ерекше жиын өтті. Іс-шараға ауылдың еңбек ардагерлері шақырылып, олармен жылы кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып, оқушыларға тағылымды уағыз-насихат жеткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – аға буынның еңбегін бағалау, жастарға патриоттық тәрбие беру және үлкендерді сыйлауға үйрету болды.
Осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың рухани тәрбиесіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.