#Шу: Рамазан айының алғашқы күніне орай игі іс-шара өтті

#Шу: Рамазан айының алғашқы күніне орай игі іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күлімдеп атқан көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күнімен қатар биыл қасиетті Рамазан айының алғашқы күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай Шу аудандық мешіттерінде игі дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Атап айтқанда «Жылғабек» мешіті, «Хати Сауранбайұлы» мешіті, «Кәрібай молда» мешіті, «Бірлікүстем» мешіті, «Жаңабай» мешіті, «Қонаев» мешіті «Күнту баба» мешіті, «Оразалы батыр» мешіті және тағы да басқа ауылды аймақтар ат салысты.

Ислам және отбасы құндылықтары жылына орац аудан мешіттерінде ақсақалдар мен ақжаулықты ана-апаларымызға ерекше құрмет көрсетіліп, оларға ауызашар себеттері табысталды. Алғыс айту күнімен құттықтап, баталарын алып, қасиетті айдың берекесін бірге сезінуде.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: