Қордай: «Қордай» ауылы имамдары жиыны өтті

Қордай: «Қордай» ауылы имамдары жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітте, «Қордай» ауылына қарасты мешіт имамдары, ұстаздары және Тарауих намазында хатыммен намаз  өткізетін қарилар жиыны өтті. Бас қосуда Аудан бас имамы ауыл мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде жамағатқа барынша қолайлылық таныту, мешіттің тазалығы, мешіттерді Рамазанға қатысты әрлеу, әсемдеу. Тарауих оқитын қариларымыз муфтияттың  берген бағдарламасы бойынша он бес күн бойы жиырма төрт бет,ары қарай бір парамен  Қадір түніне дейін бір ізгілікпен бітіру. Жамағаттың барлығы бір мешітте бір күні хатымға қатысып, келесі күні келесі беттен басқа мешіттен  жалғастырып кете алатындай жағдай жасау тапсырылды. Қарилардың киім үлгісіне мән беру. Ақ шапан , ақ көйлек, тақиямен тарауих өткізу сынды мәселелер қозғалды.

Айта кетейік,  Қордай ауданының орталығы саналатын Қордай аулында төрт мешіт бар. Аудандық «Қордай» мешіті, Самал мөлтек ауданында орналасқан «Қордай» ауылдық мешіті, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешіті және Барыс мөлтек ауданындағы «Нурислам» мешіттері. Барлық мешіттерде жоғары білімді,аса тәжірибелі имамдар қызмет етуде.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: