Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде мемлекеттік мейрам саналатын Наурыз аталып өтті. Ең алғашқы күні Алғыс күнімен басталып, көпшіліктің үлкен бас қосумен жалғасатын, игі бас қосу мен пайдалы насихаттан тұратын мейрам.
Наурыз айы: жаңару мен өзгеру , жандану мен жайнаудан тұратын ай. Бұл мейрамның ерекшелігі мен сәні «Наурыз көжесінде». Дастарханымыздың басты тағамы, ұлтымыздың ерекше құндылығы саналатын астан дәм тату жамағатымызға бұйырды.
Ақ жаулықты аналарымыз бен әпкелеріміздің себебімен ақсақалды қарияларға, мешіт ұжымы мен тазалыққа қатысқан көмекшілерге наурыз көже берілді. Жиын соңында қариларымыз Құран оқып, қарияларымыз бата жасады.
Аудандық» Қордай» мешіті баспасөз қызметі