Мешіт - Жаратушы Алланың үйі және қоғамдық орын. Жамағатпен құлшылық жасайтын, сауаптарға кенелетін таптырмас мекен. Оның тазалығына, көркемдігіне жағдайына мән беру мұсылмандарға міндет.
Рамазан айы есте қалмастай өту үшін адам баласына ертерек қамдану керек. Оның ішінде рухани даярлық бірінші орында тұрады, кейін тәндік даярлық. Тағы мән беретін жәй орын тазалығы. Ауданымыздың барлық мешіттерінде осы даярлықтың ең жоғарғы дәрежесі көрінуде. Мешітті тазалауға , әсемдеуге дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары барынша ат салысуда.
Баршамыздың дұға тілектеріміз, ізгі амалдарымыз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі