«БАЙЗАҚ БАБА» МЕШІТТЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

«БАЙЗАҚ БАБА» МЕШІТТЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде Рамазан айының келуімен тарауих намазын хатым Құранмен оқу басталды.

       Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мешітке сағыныш сезімімен келген жамағатқа: «Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда Рамазан айында мүміндерге ізгі аламдарына ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылуы қажет. Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді» - деген (Имам Бухари), - деген уағызын айтып, Рамазан айы бойы тәрәбі намазында Құранды толық оқып шығатын Салман қариды жамағатқа таныстырды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: