ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сарысу ауданына сапары барысында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Өмірғалиұлымен кездесті.
Әңгіме барысында бас имам өңірдің діни ахуалы, тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, жергілікті мамандармен танысып, өңірге қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдары мен дау-дамайлардың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Кездесу аясында екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығы айтылып, қоғам тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі