ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сарысу ауданына арнайы іс-сапармен барып, өңірдің діни ахуалымен танысты.
Сапар барысында бас имам аудандық орталық мешітті аралап, оның тыныс-тіршілігі мен жағдайын зерделеді. Сонымен қатар, жергілікті дін қызметкерлерімен кездесіп, діни жұмыстардың жүргізілу барысы туралы мәлімет алды.
Жиында ауданның бас имамына нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі