Қордай: «Нұрислам» мешітінің имамы шекарашылармен жүздесті

Қордай: «Нұрислам» мешітінің имамы шекарашылармен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Ислам – барша адамзат баласын бейбітшілікке, амандыққа, ешкімге соқтықпай тыныш өмір сүруге шақыратын иләһи дін. Міне, осындай хақ дініміз жер бетінде нағыз адамгершіліктің, сыйластықтың рухын жайып, алауыздыққа, қатық пен дұшпандыққа тыйым салғаны да мәлім. Діни экстремизмнің және жат ағымдардың еліміздің қай өңірінде болмасын таралуы негізінен діни сауатсыздықтан болып жатыр.

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Нұрислам» мешітінің имамы Жұмабайұлы Зейне «Қордай шекара бөлімшесінде»  «Жат ағым» тақырыбында кездесу өткізді. Өз сөзінде, жат діни ағымдар – дәстүрлі дінге қайшы келетін, жергілікті халықтың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданатындығын айтып өтті. Қандайда бір сұрақ немесе бір мәселе болатын болса өз бетінше емес, арнайы мамандар мен мешіт имам, ұстаздарынан сұрау керектігін айтты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: