Қордай: Ауыл имамы жат ағым туралы түсіндіру жұмыстарын жасады

Қордай: Ауыл имамы жат ағым туралы түсіндіру жұмыстарын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта қоғамда әртүрлі жарға жығатын жат ағымдардың көбейгені жасырын емес. Өздерінің ішкі жымысқы саясатына құрық болмайтын бұл жат ағымдар өз қатарын көбейтіп, насихатын өткізу үшін де неше түрлі қулық сұмдыққа баратыны да белгілі.

Осындай қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің имамы Жиенбаев Нұрлан «Бетқайнар шекара бөлімшесінде» радикалды діндер жайында түсіндіру жұмыстарын жасады. Ауыл имамы қазіргі таңда түрлі топтар мен ағымдардың көбейгенің тілге тиек етіп, олардан сақтану жолдарында айтып берді. Жиынға қатысушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: