Асыл дініміз Ислам адамзатты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке, ғылым-білімге, өзара мейірімділікке насихаттайтын дін. Ата бабаларымыз да сан ғасырлар бойы дәстүрлі дінді өмірлеріне негізгі дінгек етіп ұстанып, ауызбіршілікпен бейбіт ғұмыр сүріп келеді.
Осыған орай Қордай ауданы, Еңбек ауылы «Еңбек» мешітінің молдасы Абитаев Адамбек Еңбек ауылдық әскери бөлімшесімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жасады. Жиын ауыл молдасы «»Жат ағым жарға жығады» тақырыбында сөз қозғап, аталмыш тақырыпты айшықтап жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі