Қордай: Аудан бас имамы Сарыбұлақ жамағатымен кездесті

Қордай: Аудан бас имамы Сарыбұлақ жамағатымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Алмұханбетаранжан Айтмұханұлы Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиналған көпшілікке уағыз-насихат жүргізді. Аллаға итағат қылу, мұсылмандық міндеттерді орындауды түсіндірген бас имам өз сөзінде, Алла Тағаланың кәләмінда «Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақыретке иман келтірген, намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитын, зекетті толық беретін, сондай-ақ Алладан өзге ешкімнен именбейтін шынайы мүміндер ғана лайықты деңгейде көркейте алады...»

Осы тұста күрделі жөндеуден өткен мешіттің жұмысымен танысып, атсалысқан жамағатқа алғысын білдірді. Жиын соңы жиналған көршілікпен бірге жамағат намазын оқып, ауыл тұрғындарының түйсігіндегі сұрақтарына жауап берді. Батагой ақсақал қариялар еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп, дұға жасады.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: