Қордай: Әйел-қыздар жамағаты асхана ашылуына қатысты.

Қордай: Әйел-қыздар жамағаты асхана ашылуына қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарыбұлақ ауылында қуанышты сәт орын алуда! Қордай ауданы, Сарыбулақ  ауылы «Сахаба» мешітінің жанынан халыққа Құран оқыту, жақсылыққа шақыру мақсатында асхана ашылып, қолданысқа берілді. Бұл айтулы сәтке «Қордай» аудандық әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызы шәкірттерімен қатысып қайтты.

Жиын Құран аятымен басталып, асхана ашылуымен жалғасып, хатымхана ішінде уағыз-насихатпен толықтырылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтарға  жайылған ақ дастарханда, ізгі тілектер мен жанға жылу сыйлар насихаттар айтылды. Ізгі істе ат салысқан барлық жамағатқа дұға жасалды.

Хатымханамыз тек жақсылыққа себеп болсын, деген ниетпен көпшілік тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: