Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Рамазан айының қарсаңында ауыл имамдарына қасиетті айға дайындық жиналыс өткізді.
Жиын барысында Азамат Берікұлы қасиетті Рамазан айында Ауданға қарасты 30 мешітте Құран хатым жасалуын, тарауых намазының оқылуын, ауызашарларды ұйымдастыру, мешіттердің тазалығына мән беруге және ерекше жобалар мен іс-шараларларды іске асыру жайлы сөз қозғап, ҚМДБ тарапынан бекітілген пітір-садақа мөлшері мен кестені таныстырып, өзекті мәселелерге тоқтады. Мешітке келуші жамағатқа көркем мінезділікпен қарым-қатынас жасау, оларға Ислам діні туралы дұрыс бағыт-бағдар беру жайлы айтылды. Ауыл имамдарына облыстан келген тапсырмалар мен нұсқаулықтар жүктелді. Рамазан айы баршамызға құтты-берекелі болсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



30 Қаңтар 2026
11 Шаабан 1447

