Меркі: Рамазанға дайындық жүргізілді

Меркі: Рамазанға дайындық жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті  Рамазан айының қарсаңында   Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты барлық мешіттерде тазалық жұмыстары өткізілді.

Аудан және ауыл мешітінің имам-ұстаздары бастап, жамағаты қоштап мешіттің іші-сыртын, ауласын, дәретханасын айнадай қылып тазалық жұмыстарын атқарды.

Ислам мен тазалық екеуі егіз ұғымдас. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Қасиетті Құран мақтаған нәрсе, қай заманда да пайдалы, адамның екі дүниесіне өлшеусіз, өміршең сауап әкеледі деген сөз. Ардақты Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын )  « Тазалық - иманның жартысы» - деп бекер айтпаса керек.  


Меркі аудандық  «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: