Жуалды аудандық ортадық "Толымбай тегі Зиябек" мешітінде бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжанның ұйымдастыруымен аудан имамдарының жиналысы өтті. Жиынға аудан мешіттерінің барлық имамдары қатысып, маңызды мәселелер талқыланды.
Жиналыстың ашылуында бас имам Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 35 жылдығымен барша жиналғандарды құттықтап, Бас мүфтидің биылғы жылға қойған негізгі тапсырмаларын таныстырды. 2025 жыл "Дін және отбасы құндылығы" жылы деп бекітілгенін атап өтіп, берілген тапсырмаларды орындауды тапсырды.
Сонымен бірге қасиетті Рамазан айына дайындықты қазірден бастау қажеттігін айтып, мешіттерде Рамазанға қатысты баннерлер ілу жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеді. Сондай-ақ төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстарды кешенді түрде жұмыла атқару керектігін атап өтті. Әрбір мешітте имам жамағаттарға уағыз-насихат және тапсырылған бағыт бойынша іс шараларды дер кезінде орындалуын, мешіт тазалығы т.б. жұмыстарды атап өтті.
Жиын соңында Шақпақата мешітінің имамы дұға етіп, биылғы жылдың қызметін абыройлы әрі тиянақты түрде атқарып шығуына бір Алладан жәрдем тілеп, ізгі ниетпен ақ батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



30 Қаңтар 2026
11 Шаабан 1447

