Тараз қаласындағы «Әл-Әділ» мешітінде жамағатқа қасиетті Рамазан айы қарсаңында уағыз-насихат айтылды. Жиын барысында мұсылман баласы өзгерісті ең алдымен өзінен бастауы керектігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, Шағбан айында қаза оразаларды өтеп, Рамазанға ерекше дайындықпен кірудің маңыздылығы айтылды. Бұл қасиетті айда мұсылман баласы тақуалыққа бет бұрып, рухани жетілуге ерекше көңіл бөлу керектігі алға тартылды.
Рамазан – береке мен мейірім айы. Алла баршамызды осы айдың шапағатына бөленушілерден етсін!



30 Қаңтар 2026
11 Шаабан 1447

