РММ №59 түзеу мекемесінде сотталған азаматтармен теологиялық оңалту жұмыстары ҚР ІІМ №247 бұйрығына сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Жуырда №59 түзеу мекеменің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторларының ұйымдастыруымен теологиялық кездесу жүзеге асты. «Әл Фирдаус» мешітінің наиб имамы Нүсіпжан Маратбекұлы топтық кездесуді өткізді. Кездесу барысында жазасын өтеушілерге «Ханафи мәзһабының дәлел-дәйектер мен фиқһ мәселесі» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Нүсіпжан имам өз сөзінде: «Мәзһаб» сөзі араб тілінде «баратын жол, лайықты көзқарас» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде Ханафи мәзһабы және дәстүр қатар жүруі заңдылық. Сондықтан «әрбір мұсылман мәзһаб ұстануы тиіс», – деді. Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жалпы мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады. Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.



30 Қаңтар 2026
11 Шаабан 1447

