Тараз қаласының мешіттерінде жамағатқа Құран үйрету курстары өтіп жатыр. Қаламыздың мешіттерінде кез келген жастағы жамағатқа сабақ беруге дайын, білікті мамандар қызмет етеді.
Құран – аса дана һәм шексіз рақым иесі Хақ тағала тарапынан түсірілген, адамзатты шынайы бақытқа жетелейтін, қияметке дейін бірде-бір әрпі өзгермейтін мәңгілік мұғжиза. Ол – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. Сондай-ақ, Құран – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының ата заңы.
Абдуллаһ ибн Масғуд былай дейді: «Кімде-кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Аллаһ пен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде-кім Аллаһ пен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгеніне қарасын».



30 Қаңтар 2026
11 Шаабан 1447

