Дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында Жиенбет ауылында ерекше іс-шара өтті. Ауылдық «Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен Шу аудандық 28 мешіттің дін мамандары бас қосты.
Шара аясында тир ату жарысы орын алып, қатысушылар мергендік қабілеттерін сынады. Жарыс соңында үздік нәтижеге қол жеткізгендерге арнайы мадақтамалар табысталды.
Жиын дастархан басында жалғасып, жамағат ұлттық тағамнан дәм татты. Имамдар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің жиі өткізілуін қолдайтындарын жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



30 Қаңтар 2026
11 Шаабан 1447

