#Шу: Имамдар жиналысы өтті

#Шу: Имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбір мұсылман асыға күтетін қасиетті Рамазан айына санаулы-ақ күндер қалды. Қасиетті айға Шу аудандық имам-молдалардың дайындығын пысықтау мақсатында кезекті имамдар жиналысы «Жиенбет Жексенбай» мешітінде өтті.

Іс-шара барысында аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев мешіт қызметінің негізгі төрт бағытына тоқталды. Сондай-ақ, бас имам дін мамандарының киім үлгісі жайында да сөз қозғап, олардың сыртқы келбеті қарапайымдылық пен ізеттілікті көрсетуі және олардың мәртебесі мен қоғам алдындағы жауапкершілігінің белгісі екенін айтып өтті.

Өз кезегінде «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мешіттердің бүгінгі тыныш-тіршілігіне тоқталды. Наиб имам кадр мәселесіне тоқталып, мешіт қызметкерлері мен шәкірттерінің діни білімін жетілдірудің маңыздылығын, өзге ұлт өкілдерінің ілім берілуін қадағалауын тілге тиек етті.

Мешіт тазалығы мен қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады. Құлшылық үйінің ішкі және сыртқы тазалығына ерекше мән беріліп, бейнебақылау камералары орнатылғаны, сондай-ақ, жамағаттың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалғаның айта кетті.

Мәжіліс соңында дін қызметкерлеріне бірнеше тапсырмалар жүктелінді. Айта кетейік, ауыл-ауылды аралап жарапазан айту эстафетасы жоспарланып, Шу аудандық газеттінің жандандару үшін мақала жазу міндеттелді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: