Тараз: "ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!" АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Тараз: "ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!" АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының құрметіне орай "Кеңесхан қажы" мешітінде ерекше рухани кеш ұйымдастырылды. "Қош келдің, Рамазан!" атты бұл шара жамағаттың рухани дүниесін байытуға, қасиетті айдың қадірін арттыруға бағытталды.

Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева арнайы келіп, кештің шымылдығын ашты. Ол қасиетті Рамазан айының артықшылықтары мен маңызы жайында әсерлі уағыз айтып, көпшіліктің жүрегіне имандылықтың нұрын септі.

Шара барысында мешіт шәкірттері арнайы қойылымдар қойып, жиналған жамағаттың жүрегін елжіретті. Рамазанға арнау жырлар оқылып, салауат-сәлем айтылды, сондай-ақ жамағат арасында танымдық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Бұл кеш жиналған қауымға ерекше рухани серпіліс сыйлап, Рамазанның маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Шара соңында жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталып, мешіт ұстазы Зейнеп Үсенова тағылымды уағызымен кешті қорытындылады. Көпшілік осындай игі шаралардың жиі ұйымдастырылуын тілеп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Бұл рухани кеш – қасиетті Рамазан айының шынайы атмосферасын сезінуге мүмкіндік беріп, мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайтуға үлес қосты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: