Талас: Жаназа рәсімдері, ас беру мәселелеріне байланысты аудандық жиналыс өтті

Талас: Жаназа рәсімдері, ас беру мәселелеріне байланысты аудандық жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудандық Қаратау Қажы би мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен аудандық жиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа ауданымыздың барша имамдары мен ақсақалдар кеңесі төрағалары және жергілікті атқарушы биліктің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында діни жоралғыларды жасауда, әсіресе жаназада ысырапшылдыққа жол бермеу, қоғамда белең алып отырған, дінімізде негізі жоқ кейбір үрдістерге тосқауыл қою, ас беру мәзірін реттеу, қонақасы кезінде аста-төк дастархан жасамай, мейлінше қарапайымдылыққа келтіру мәселелері талқыланды.

Жиын соңына қарай Жалғасбай Дүйсенбайұлы сөз алып, аталған мәселелер жиналыс барысында қалмай, керісінше халық арасына кең насихаттауымыз керектігін тілге тиек етті. Аталмыш жиын Жұман ақсақалдың ақ батасымен аяқталды.

Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: