Көктөбе ауылында діни ахуалды зерделеу мақсатында жиын өтті. Бұл кездесу барысында жергілікті мекеннің діни тұрақтылығы мен жат ағымдардан сақтану жолдары қарастырылды.
Сонымен қоса Ислам және отбасы құндылығы жылына орай әке - отбасы тірегі, ана – отбасы жүрегі тілге тиек етіп, жанұядағы ата-ана рөлі мен бала тәрбиесі туралы уағыз-насихат айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.