Жаңа жол ауылының «Күнту Баба» мешітінің имамы Берік Ауесбаев, ауыл әкімі және ақсақалдар төрағасы бірігіп, ауылды арақсыз ортаға айналдыруғанасихат жүргізуі – қоғам үшін үлкен қадам.
Қазақтың дәстүрінде тазалық пен тәртіпке негізделген өмір салты әрқашан маңызды болған. Арақсыз ауыл – бұл тек діннің ғана емес, денсаулықтың, ұрпақ тәрбиесінің, отбасы берекесінің кепілі. 10 дүкенге осындай насихат жүргізу – нақты іс-әрекетпен қолдау тапса, ауыл тұрғындарына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.