#Шу: «Рақыш ата» мешітінде жұма намаз өтті

#Шу: «Рақыш ата» мешітінде жұма намаз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұма – мұсылмандар үшін қасиетті күн, ал жұма намазы – үлкен сауапқа толы ғибадат. Осыған орай, «Айтқұл баба» мешітінің наиб имамы Саят Айдарбек Көктөбе ауылындағы «Рақыш ата» мешітінде жамағатқа жұма намазын өткізді.

Құлшылық алдында имам жиналған жамағатқа насихат айтып, жұма күнінің артықшылығы мен мұсылманның адамгершілік қасиеттерін сақтау жайында уағыз жүргізді. Діннің негізгі тіректері саналатын отбасы құндылықтары, сабыр, ізгілік пен имандылықты дәріптеу мәселелері көтерілді.

Жамағат қасиетті күнде бір-біріне дұға жасап, мешіт ішінде жылы жүзбен амандасып, бауырластық пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: