Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп-лицейінде «Шу – қауіпсіз аудан» бағдарламасы аясында ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасылық тәрбие және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Жиынға аудан және қала басшылығы, Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев, әкімінің міндетін атқарушы Ж.Аймамбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бейсебаев, сондай-ақ дін маманы ауданның бас имамы А.Кенжемолдаев қатысты.
Шара аясында:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес,
- Деструктивті діни ағымдардың ықпалын болдырмау,
- Газдан улану мен қылмыстың өсуіне жол бермеу,
- Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру,
- Интернет алаяқтық пен нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, тойларда ішімдік қолданбау, ысырапшылдықты азайту және кәмелетке толмағандардың даяшы болып жұмыс істеуіне тыйым салу мәселелері қаралды. Әскерден оралған азаматтарға жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Қала тұрғындары арасында ішімдіксіз өмір салтын насихаттау бастамалары ұсынылып, кәсіпкерлерге ішімдік сатудан бас тарту жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.