Жамбыл облысының жаңа бас имамы алғақшы жиналысын өткізді

Жамбыл облысының жаңа бас имамы алғақшы жиналысын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің имамдары мен қызметкерлерімен алғашқы жиналысын өткізді.

Жиын барысында бас имам мүфтиятқа қарасты 30-ға жуық бөлім мен сектордың қызметіне тоқталды. Атап айтқанда, Дін мен дәстүр, Діни оңалту, Халықаралық байланыс және хаттама, Цифрлық даму, Зекет және қайырымдылық бөлімдерімен қатар, Әйел-қыздар және Жастар секторының жұмысы да ерекше назарға алынды.

Сондай-ақ, Діни басқарма бекіткен төрт негізгі бағыт бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді. Алдағы Рамазан айына дайындық мәселелері қарастырылып, ұйымдастыру шаралары пысықталды.

Жиын соңында аудан кураторларына жергілікті діни ахуалды зерттеу және зерделеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: