«Шебердің қолы - алтын» дегендей, қазақ халқының зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – қолөнер.
Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
«Төле би» мешітінің қыз-келіншектер жамағаты әжелеріміз бен алдыңғы буын әпкелерімізден ою-өрнек оюдың қыр-сырымен танысып, көрпе көктеуді үйренді. Қолөнер - әйел затын сабырлыққа тәрбиелеп, әсемдік пен сұлулыққа баулитыны сөзсіз.
Насихат Доғдырбайқызы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің ұстазы