ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Әйел-қыздар секторының" ұйымдастыруымен ерекше маңызы бар "Сира Quiz" атты діни-интеллектуалдық топтық сайыс өтті. Бұл танымдық жарыс "Һибатулла Тарази" орталық мешітінің ұстазы Аружан Талғатқызының ұйытқы болуымен жасалды.
Жарыстың шымылдығын "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Ерболат Боханов Құран аяттарын оқып ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа барлығы 14 топ қатысты, әр топта 5 қатысушыдан жасақталған. Жарыстың басты мақсаты – жастардың діни білімін арттыру, пайғамбар сирасы бойынша білімдерін тереңдету және топтық ынтымақтастықты нығайту болды.
Сайыс барысында қатысушылар пайғамбарлар тарихы, сира тақырыптары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар тағайындалды:
І орын – 100 000 теңге сыйақы;
І орын – 70 000 теңге сыйақы;
ІІ орын – 40 000 теңге сыйақы.
Жеңімпаздарды сектор жетекшісі Жазира Иманалиева марапаттап, білім жолында жетістікке жетулерін тіледі.
Ұйымдастырушылар осындай рухани бағыттағы сайыстар жастардың діни сауатын арттырып, білімге деген ынтасын күшейтетінін атап өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі